Атырауда орталық «Иманғали» мешіті Қарттар үйі тұрғындарына және «Шаңырақ» отбасылық типтегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне арнап дастархан жайды.
Барлығы 50 адам қамтылған іс-шарада Атырау облысының Бас имамы ынтымақ, бірлік тақырыптарында уағыз-насихат айтты.
«Қазақта «Бірлігі мықты ел озады» деген керемет тәмсіл бар. Халқымыз әрқашан бірлікті ту еткен. Осы ретте үлкендеріміз елдің бірлігін нығайтуға ықпал етуі керек. Жас буын еліміздің болашағы үшін білім алуға бірінші кезекте ұмтылуы қажет. Ұрпақтар сабақтастығы болған жерде бірлік те, ынтымақ та, даму да болады. Біздің үлкендер мен балалардың басын қосудағы мақсатымыз да сол, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.