Атырауда орталық мешітке Мысырдан меймандар келді

Атырау қаласына жұмыс бабымен қоныс аударған бір топ мысырлық орталық «Иманғали» мешітіне зиярат етіп келді.

Мысырлықтарға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мешіттің ішкі тынысы, атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

«Аmin.kz» медиастудиясы, Қайырымдылық мекемесінің жұмыстарымен танысқан шетелдіктер атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдірді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз- қызметі.