Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған марқұмдардың рухына құран бағышталды.
Рәсімге Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қатысты.
Марқұмдардың рухына Құран бағыштаумен бірге, Алла разылығы үшін құрбан шалынды.
«Еліміздің бірлігі – бәрінен қымбат. Тәуелсіздік үлкен құрбандықпен келген құндылық. Біз елдігімізді, бірлігімізді сақтауға жұмыла түсуіміз керек» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.