Атырауда «Иманғали» мешітінде 200 отбасына азық-түлік таратылды (+ФОТО)

 Қайырымдылық шарасы   «SolarА.kz» және «Sultan Palace Hotel» компаниялар тобының директоры, Атырау облыстық мәслихатының депутаты Әсел Жолмұханованың демеушілігімен ұйымдастырылды.

Қайырымдылық жасау, аз қамтылған отбасыларды қолдау, оларға қол ұшын созып, көмектесу – көпке үлгі боларлық іс.

«Күшіміз бірлікте. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар қамтылған мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.