amin.kz/ 18 маусым, 2020 жыл. Барлығы 20 отбасын қамтыған қайырымдылық шарасы аясында мұқтаж жандар алғысын жеткізді.
Әлеуметтік жағынан қолдауға мұқтаж отбасыларға көмекті Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев өз қолымен үлестірді.
«Қазіргідей әлем дүрлігіп жатқан алмағайып заманда бір – бірімізден жүрек жылуын аямайық. Мұқтаж жандар қашан да қолдауға зәру» дейді наиб имам Арман Исаев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.