«Sura» қосымшасы – интернет қолданушыларының дін бағытындағы сұрақтарына жылдам, тез жауап беруді қамтамасыз етеді. Ең бастысы, қосымша арқылы интернет қолданушыларға дін мамандары жауап береді.
Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мусаевтың айтуынша, «Sura» қосымшасы дінге қызығушылық танытқан әлеуметтік желі қолданушыларын деструктивтік діни ағым контентенттерінің ықпалынан сақтау мақсатында жұмыс істеп жатыр.
«Осындай жұмыстардың нәтижесінде қазіргі таңда Атырау облысының ғаламтор желісі деструктивтік діни ағым идеологиясынан 93% тазартылды. Жыл басынан бері әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 453 және 490 баптарының талабын бұзған 23 дерек анықталып, 22 адамға әкімшілік айыппұлдар салынды» деді Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мусаев.
Баян Жанұзақова