АТЫРАУДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС

Бүгін қасиетті жұма күні өңірдің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы “Иманғали” орталық мешітіне жаңа наиб имамдар тағайындалғанын хабарлады.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен бұған дейін қалалық “Құспан молла” мешітінің наиб имамы қызметін атқарған Урумбаев Арман Амангелдіұлы мен “Әт-тақуа” мешітінің имамы болған Муслимов Қанағат Қалыбайұлы “Иманғали” орталық мешітіне наиб имам болып тағайындалсын,-деген бұйырығын оқыды.

Сондай-ақ ҚМДБ жанындағы жастар ісі секторының жауапты өкілі болып Райкулов Амантай Бауыржанұлы тағайындалды.

Болатбек Ұласқанұлы жаңадан тағайындалған имамдардың қызметіне сәттілік тілеп, жауапты қызметтер тапсырды.

Муслимов Қанағат Қалыбайұлы – 1995 жылы дүниеге келген.

2016-2020 жылдары Нұр-Мүбарак Епипет ислам мәдениеті университетін Исламтану мамандығы бойынша үздік бітірген;

Қызмет жолын 2020-2022 жылдар Атырау қаласы «Ат-тақуа» мешітінің наиб имам болып бастады;

2022 жылдан бастап Атырау қаласы «Ат-тақуа» мешітінің бас имам қызметінде болды;

Урумбаев Арман Амангелдіұлы – 1985 жылы дүниеге келген.

2010 жылы ҚМДБ-ға қарасты «Орал» медресесіне түсіп, оны 2014 жылы бастауыш білім беру мамандығы бойынша бітірді.

2017-2020ж.ж. Түркия мемлекеті, Стамбул каласы, «Сабахатин Зайн» атындағы халықаралык университетін, «Дінтану» мамандығы тәмамдаған.

2019-2024ж.ж. РФ, Қазан каласы, «Россиялық Ислам Университеті», «Теология» мамандығы тәмамдаған (сыртай бітірген).

2020-2024жж. Түркия мемлекеті, Денизлі қаласы, «Хасекей» академиясын, «Теология» мамандығы тәмамдаған.

Қызмет жолын 2015-2018 жылдары Атырау облысы, Атырау қаласында Иманғали» орталық мешітінде наиб имам қызметінен бастаған;

2024 жылдан бастап Атырау облысы, Атырау қаласында «Құспан молла» мешітінің наиб имамы қызметінде болды;

Райкулов Амантай Бауыржанұлы – 1999 жылы дүниеге келген.

2014-2018 жылдары Атырау қаласындағы «Саламат Мұқашев» атындағы колледжін тәмәмдаған;

2019-2021 жылдары «Сафи Өтебаев» атындағы Атырау мұнай және газ университетін үздік тәмәмдаған.