Атырауда карантин: қандай шектеулер бар?

amin.kz/29 наурыз, 2020 жыл. Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев “Фейсбук” парақшасында мәлімдеді.

Коронавирустың таралуына қатысты қазіргі жағдайды ескере отырып, ертең Атырау қаласына кіруге және одан шығуға, сонымен қатар қоғамдық көліктерде жұмыс уақытына шектеулер қойылады.

Қызмет көрсету секторының қызметі (сұлулық салондары, моншалар және т.б.)
Жабық құрылыс базарлары, сауда орталықтары мен маңызды тауарларға қатысы жоқ сауда нүктелері, тауарларды жеткізу арқылы сату мүмкіндігін сақтай отырып қызметін тоқтатады.
Балабақшалардың жұмысы тоқтатылады.

Азық-түлік базарлары мен дүкендер, дәріханалар жұмыс істейді.
Коммуналдық қызметтер, жөндеу қызметтері, тазалау және зарарсыздандыру қызметтері шектеусіз жұмыс істейді.
Толығырақ бүгін жарияланады.

Барлық жұмыстарды облыстық штаб үйлестіреді, әкімдіктер онлайн режимінде қол жетімді. Әлеуметтік желілердегі азаматтардың барлық өтініштері бақыланады, жауаптар 109 сенім телефоны арқылы беріледі.

Сіздерден түсіністік танытуды сұраймын” делінген постта.