Индер ауылына қарасты Елтай ауылында имам үйі пайдалануға берілді. Дін қызметкерінің үйі Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы мешіт жанынан салынған. Бұл Атырау облысы бойынша дін қызметкерлеріне беріліп отырған 16-шы қызметтік баспана.
Заман талаптарына сай тұрғызылған баспанаға инженерлік-коммуникациялық желілер тартылып, қызметтік үй толықтай жиһазбен жабдықталған.
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы үйде Құран оқып, ауыл ақсақалдары бата берді.
Мешіт ашылу құрметіне орай, бір топ жомарт азаматтарға алғыс хат беріліп, құрмет көрсетілді.