Атырауда «Көрісу күніне» орай үлкендерге құрмет көрсетілді

Бүгін Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде «Көрісу күні» атап өтілді.

Іс – шара аясында мешіт ақсақалдары және Әжелер мектебінің өкілдері шағын құрамда жиналып, Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Әз Наурыздың бастауымен құттықтады.

«Ырыздықтың, береке-бірліктің, ынтымақтың мерекесі – әр шаңыраққа қуаныш әкелсін» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Үлкендер жағы бата беріп, еліміздің амандығы үшін дұға жасады. Іс-шара соңында жиналғандарға «Ислам таластыра ма, жарастыра ма?» кітабы табыс етілді.

Карантин талаптары қатаң сақтала отырып, ақсақалдарға, әжелерге құрмет көрсетілген іс-шара облыстың барлық мешіттерінде өтті.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.