Атырауда «Ихсан» мешітінде «Пайғамбарға сағыныш» атты үздік хат байқауының жеңімпаздары марапатталды.
«Мәңгілік өнеге – әз Мұхаммед» атты рухани шара аясында жеңімпаздарды Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы келіп құттықтады.
«Мәуліт мейрамының аясында біз Пайғамбар (с.ғ.с) туралы, Оның алдындағы міндеттеріміз, сүннетін сақтау жайында мешіттерімізде, іс-шараларымызда, жиындарымызда жалпы халыққа молырақ мағлұмат беріп, дініміздің тағылымдары жайлы үгіт-насихат жүргіземіз. Осындай зор мүмкіндікті бос жібермей, орнымен пайдалануға тырысамыз. Расында, бұл – дінімізді насихаттаудың, жас ұрпақты имандылыққа, жақсы мінез-құлыққа шақырудың орайлы бір сәті» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
60 адам қатысқан рухани шарада Әжелер Мәуліт жырын оқыды. Одан әрі үздік хат иелері марапатталып, қатысушыларға сыйлықтар үлестірілді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.