Атырауда Пайғамбарды насихаттауға арналған life жоба іске қосылды (+ ВИДЕО)

Мәуліт айының құрметіне орай, Атырауда орталық мешіт «Пайғамбарды (с.ғ.с) танисыз ба?»  әлеуметтік жобасын іске қосты.

«Жобаның мақсаты – қала көшелеріндегі адамдардан Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) жайлы сұрақтар қойып, білімін тексеру.

Білмей жатқан адамдарға адамзаттың асылы туралы мағлұматтарды әдеппен түсіндіру. Сол арқылы, Пайғамбарымыздың өмірі жайлы қысқаша ақпарат беру арқылы, халықтың Алла Елшісіне деген сүйіспеншілігін ояту» дейді жоба авторы Нұркен Мағриденұлы.

Жоба аясында қаланың ондаған тұрғындары қамтылды.

Еске сала кетелік, мұсылман халқы Мәулітті атап өткенде, жан-жағына көркем мінез танытуға талпынады. Әрбір азамат осы бір қасиетті күндерде Аллаға құлшылық етіп, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауаттар айтқаны жөн. Отбасы, туыс, ағайын, жолдас, көрші секілді жүрген ортасына ислам дінінің көркемдігін өз әрекетімен, көркем мінезімен көрсете білуі қажет.


Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.