Атырауда «Мәулімберген» мешітінде 10 отбасына көмек көрсетілді

Атыраудағы «Мәулімберген» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Акция аясында 10 мұқтаж отбасына азық-түлік таратылды. Оның ішінде, бес отбасы мүмкіндігі шектеулі азаматтары бар шаңырақтарға тиесілі.

«Ислам діні бірлікті, ізгілікті, бауырмалдықты насихаттайтын дін. Қайырымдылық мүфтият мешіттер үшін бекіткен негізгі бағыт болып қала береді. Қамкөңіл жандарға демеу болып, үміт сыйлау да сауабы мол іс» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.