Атырау қаласы маңындағы Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы өтті.
Іс шара аясында көп балалы 20 отбасына азық-түлікпен көмек көрсетілді. Сондай ақ, екі мұқтаж отбасына 200 мың теңге көлемінде қаржылай көмек табыс етілді.
Көп балалы шаңырақтарға әрқайсысы 25 келі болатын азық-түлік пакеттерін еріктілер жеткізіп тастады.
«Мешітімізден көмек сұрап келуші жамағат саны өте көп. Біз оларды тізімге алып, ізгілік шаралары кезінде олардың әрқайсысын қамтуға тырысамыз. Қайырымдылық бағытындағы шаралар кешенді түрде жалғасатын болады. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», «Садақа пәле-жаладан қорғайды» деген, осы ретте ізгілік шараларына демеуші болып жүрген азаматтарға алғыс айтамын» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.