Атырауда мешіт тазалықшысына құрмет көрсетілді

Атырауда Тасқала ауылындағы «Мәулімберген» мешітінде аталған құлшылық үйінің тазалықшы қызметкері Ж. Сисеновке құрмет көрсетілді.

Бірнеше жылдан бері мешіт тазалығын қамтамасыз етіп жүрген қызметкерге қаржылай сыйақы табыс етілді.

55 мың теңге көлеміндегі сыйақыны тазалықшыға мешіт имамы Мақсот Бағытжанов тапсырды.

«Мешіт – Алланың үйі. Мешіт берекенің, ынтымақтың ордасы. Құлшылық үйінің тазалығын қамтамасыз ету сауабы мол іс. Осы ретте, тазалықшыларымыздың уақытпен санаспай атқарып жатқан еңбегі үшін алғыс айтамын» деді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.