Қасиетті Рамазан айының құрметіне Атырау қаласы, Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешіті қайырымдылық акциясын өткізді.
30 мұқтаж отбасын қамтыған акцияны Алғабас ауылының жастары ұйымдастырды.
Бірінші қажеттіліктегі азық-түліктер салынған пакеттерді еріктілер мұқтаж шаңырақтардың үйлеріне жеткізіп берді.
«Рамазан – берекесі мол ай. Рамазан – қайырымдылық айы. Мұқтаж шаңырақтарды қолдау шаралары жалғасады» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.