Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітінде қайырымдылық шарасы өтіп, 15 отбасына азық-түлік таратылды.
Қайырымдылық шарасымен қамтамасыз етілгендер қатарында көп балалы отбасылармен бірге, мешіттің еден жуушы тазалықшы қызметкерлері де бар.
«Қайырымдылық – халқымыздың ежелден жас ұрпаққа дәріптеп келе жатқан ізгі дүниелерінің бірі. Мешітімізде айына екі мәрте қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып отырады. Қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 7 негізгі жұмыс бағытының бірі екенін атап өткеніміз жөн» деді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.