Атырауда «Мәулімберген» мешітіне михраб салынды

amin.kz/ 25 тамыз, 2020 жыл.  «Мәулімберген» мешітіндегі абаттандыру және мешіттің миһрабын жасақтауға жамағат атсалысты.

«Бұған дейін мешітте имам тұратын михраб болмаған еді.  Меккеге бағытталған арнайы орынның мешіт өмірі үшін маңызы ерекше.

Сонымен бірге, мешіт ауласына жүргізілген абаттандыру жұмыстары ғибадат үйін жаңа реңкке бөлеп отыр» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.