Атырауда «Мәулімберген» мешітіне жаңа ұстаз тағайындалды

Атырау қаласының Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітіне Рамазан Мұхамедов ұстаз болып тағайындалды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен жамағатты мешіт имамы Мақсот Бағытжанов таныстырды.

«Рамазан Мұхамедов білікті ұстаз, тәжірибелі маман. Ірі оқу орындарында білім алған. Рухани бағытта шәкірттерге қолдау көрсетеді деп сенемін» деді мешіт имамы Мақсот Бағытжанов.