Атырауда «Мәулімберген» мешітіне жаңа ұстаз тағайындалды

Болатбек Нұрғалиев «Мәулімберген» мешітінің ұстазы болып тағайындалды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен мешіт ұжымын және жамағатты «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов таныстырды.

«Болатбек Нұрғалиев Ғабиденұлы дін саласында тәжірибесі бар, білікті маман. Қазіргі уақытта ағарту саласы көптеп еңбектенуді қажет етеді. Діни ағарту, жас буынға рухани білім беруде Болатбек Ғабиденұлы нәтижелі еңбек сіңіреді деген сенімдемін» деді имам Мақсот Бағытжанов.