Атырауда «Мәулімберген» мешітінің ауласы абаттандырылып жатыр

amin.kz/ 26 маусым, 2020 жыл.  Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітінің ауласына төсемтастар төселуде.

Осылайша, мешіт ауласы жаңаша кейіпке еніп жатыр. Сонымен бірге, мешітке бүгін жергілікті кәсіпкер екі дана салқындату жүйесін сыйға тартты.

Еске сала кетелік, жалпы ауданы 530 шаршы метрді алып жатқан «Мәулімберген» мешітінің сыйымдылығы 100 адамға шақталған. Қазіргі уақытта мешітке жалғама құрылыс салынып жатыр.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.