Атырау: Сұлтан Бейбарыс мешітінде қайырымдылық акциясы өтті (+ВИДЕО)

amin.kz/ 26 маусым, 2020 жыл. «Аяттан амалға» жобасы аясында Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылды.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басымдық беріп отырған бағыттарының бірі – қайырымдылық. Осы ретте мешітіміз «Аяттан амалға» жобасын қолға алған болатын. Аталмыш жоба аясында әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіліп келеді» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.