Атырау қаласы, Тасқала ауылындағы «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов Жаңабай Ибраһимтегі ақсақалдың үйіне арнайы барып, жағдайын сұрап шықты.
Қазіргі уақытта науқастанып отырған Жаңабай Ибраһимтегі ақсақалдың жағдайын сұрап, бірқатар мәселелер бойынша пікірлескен имам Мақсот Бағытжанов «Ихсан» кітабын сыйға тартты.
Еске сала кетелік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ақсақалдар институтын дамыту мәселесіне ерекше назар аударып отыр. Жақында ғана елордада мүфтияттың қолдауымен «Қариялар – ел қазынасы» атты І республикалық ақсақалдар форумы өткен болатын.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.