Атырауда «Мәулімберген» мешітінің тұрақты жамағаты 14 мыңнан асты (+ ФОТО)

Атырау қаласы маңындағы Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешіті жылды қорытындылады.

Жиында имамдар, мешіт ұстаздары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 7 негізгі жұмыс бағыты бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Мәселен, «Мәулімберген» мешітінің тұрақты жамағаты саны 14 мың 400-ге жеткен.

«Мешіт кадр даярлау мәселесін басты назарда ұстап отыр. Қазіргі таңда Алматы қаласындағы Нұр – Мүбарак университетінде мешітіміздің 2 шәкірті білім алуда. 65 шәкірт мешіт жанынан діни сауатын ашты» деп атап өтті «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.

Шара соңында нәтижелі қызмет еткен мешіт ұжымына, әріптестік байланыста жұмыс істеген мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының алғыс хаты табыс етілді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.