Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен қала имамдары және ҚМДБ бекіткен бес бағыт өкілдеріне арналған жиын өтті.
Жиында талқыланған басты тақырып «Рабиул Әууәл» айының кіруіне байланысты мәуліт мерекесіне дайындық және бес бағыт бойынша 9 айлық есепті қорытындылау болды.
Алдымызда мәуліт мерекесі келе жатыр. Облыс көлемінде жоғары деңгейде өткізуге баршамыз атсалысуымыз керек. Және мешіттердегі ішкі тәртіп, тазалық жұмыстарын ұдайы қадағалауымыз керек»,-деп атап өтті Бас имам.
Сондай-ақ, жиында бес бағыт өкілдері тоғыз ай бойы атқарылған жұмыстар туралы баяндады.