Атырауда «Медет» мешіті «Мектепке жол» акциясына үлес қосты

Атырауда «Медет» мешіті республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында 50 балаға оқу құралын табыс етті. Және 10 отбасының балаларына мектепке қажетті киім-кешек үлестірді.

«Медет» мешітінің бас имамы Мұхамедкәрім Сматұлы ізгілік акциясына үлес қосқан демеушілерге алғыс білдірді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырау облысы бойынша қала, аудан, ауыл мешіттерінің атсалысуымен көп балалы отбасынан шыққан 800-ден астам отбасының балаларына «Мектепке жол» акциясы аясында оқу құралдары тапсырылғанын хабарлаған болатынбыз.