Атырауда «Медет» мешітінде 3 тонна пияз таратылды

Атырауда Береке ауылында орналасқан «Медет» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Кәсіпкердің қолдауымен жергілікті тұрғындарға 3 тонна пияз таратылды.

«Медет» мешітінің имамы Мұхамедкәрім Сматұлының айтуынша, қайырымдылық көмегі мұқтаж отбасыларға таратылуда.