Атырау мешіттері жанынан ашылған сауат ашу курстарына қатысушы шәкірттер арасында Құран жарысы өтуде.
«Құран – рухтың қуаты» атты Атырау облысы мешіттері арасындағы шәкірттер бәйгесіне 37 үміткер қатысуда.
Қазіргі уақытта үміткерлер Құранның 1, 3, 5 парасы бойынша білімдерін сарапқа салуда.
Шәкірттерге Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы сәттілік тіледі.
«Құран – барша мұсылманның бағдаршамы. Құранның әр әрпін оқығанның өзі керемет сауап. Мақсатымыз – Құранның тәлімін, ғибратын үлгі ету. Алла зейіндеріңізді ашсын» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Қазылар алқасы құрамында белгілі ұстаз-қарилар Еркебұлан Жақсылықов, Байболат Керінмбекұлы, Әкежан Юсупов бар.
Бас жүлдеге – Кіші қажылыққа жолдама тапсырылатын болады.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.