Тікұшақ апатынан қаза тапқандардың аты-жөні жарияланды

 ТЖМ Батыс Қазақстандағы оқыс оқиғадан қаза тапқандардың аты-жөнін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресми мәліметке қарағанда, авиациялық төтенше жағдай кезінде министрліктің төрт қызметкері көз жұмды. Олардың қатарында ұшқыш-нұсқаушы Дәулетбай Қанатов Сабырбайұлы, екінші пилот Владимир Афанасьев Константинович, аға борт механик-нұсқаушы Сиязбек Андосов Шажалиұлы және жетекші инженер Жәрдем Доскалиев Қуанышқалиұлы бар.