Атырауда мешіт жамағаттары арасында футболдан турнир өтеді

Атырауда орталық «Иманғали» мешітінде кіші футболдан өтетін облыстық турнирге дайындық пысықталды.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Иманғали» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Тәні саудың — жаны сау» атты мешіт жамағаты арасында облыстық кіші аяқ доптан турнирге дайындық жұмыстары талқыланды.

Жиынға Атырау қалалық мешіттері арасынан үздік шыққан команда капитандары, аудан мешіттері жанынан құрылған командалар онлайн форматта қатысты.

Турнирдің басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, дәстүрлі діни көзқарас қалыптастыру болып табылады.

Шараны ұйымдастырушы ҚМДБ жанындағы Жастар секторының
Атырау өкілдігі бұл сайыста ең басты мақсат – достық, жолдастық қатынасты нығайту екендігін айтып өтті.

Жарысқа қала, аудан мешіттері арасынан іріктеуден үздік шыққан тоғыз команда бақ сынайды.

Облыстық турнир ертең, яғни 20 қараша күні өтеді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.