Атырауда мешіт имамдары мен жамағат арасында ауызбіршілік пен ынтымақты нығайту мақсатында кіші аяқ доптан жолдастық кездесу өтті.
«Тоныкөк» спорт кешенінде өткен шарада төрт команда өзара бақ сынады.
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы
жамағат арасындағы бауырмалдылықты нығайту басты міндеттердің бірі екендігін айтты.
«Дана халқымыз: «Бірлігі мықтыны жау алмайды» деген. Сондықтан, үлкен, кіші демей өзара ынтымақта бас қосатын әр түрлі шараларды көптеп ұйымдастыруға тырысамыз. Спорт – ынтымақ пен денсаулықты жақсартады. Денсаулық – адамға берілген аманат» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.