Алтынбек Ұтысханұлы «Атырау» телеарнасына сұхбат берді

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Атырау» телеарнасына сұхбат берді.

«Арыстанбекпен сұхбат» тележобасына құрметті қонақ ретінде шақырылған Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы облыстағы діни ахуал, ағарту бағытындағы жұмыстар туралы ойларымен бөлісті.

«Ислам – өркениеттің діні. Кезіндегі Әбу Насыр Әл-Фараби, Ибн Сина сынды ғалымдар Еуропаға өркениетті апарған. Ислам – құлшылықпен ғана шектелмейді. Ислам оқу-ағарту, ізденісті, тұлғалық дамуды насихаттайды. Осы ретте, мешіттерімізде ағарту бағытындағы жұмыстар кешенді түрде атқарылуда» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.