Атырауда орталық мешітте 35 отбасына ет таратылды

Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесінде кезекті қайырымдылық шарасы өтті.

Қайырымдылық шарасы аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ет таратылды. 35 адамды қамтыған іс-шара аясында мұқтаж шаңырақтарға сынаққа сынбау тақырыбында насихат айтылды.

Еске сала кетсек, қайырымдылық бағытында өткен жылы облыс мешіттерінде 1167 іс-шара өтті. 91​ 853 адамды қамтыған қайырымдылық шаралары арасында «Көшпелі керуен», «Жылулық сыйла», «Мектепке жол», «Алтын құрсақты батыр анаға тосын сый» сынды атаулы қайырымдылық акциялары бар.