Атырауда мешіт жамағаты арасында волейбол лигасы басталды.
Жарысқа алты команда қатысып өзара бақ сынасуда. Сайыстың ашылу салтанатына Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Спорт – денсаулық кепілі», дінімізде денсаулыққа басты мән беріледі. Үнемі өзімізді шыңдап тұру, спорттық сайыстар арқылы қалыпты өмір сүруімізге жол ашады» деп атап өтті Бас имам.
Турнирге » Құспан молла», «Анашым», «Мәулімберген», «Қ.Мұңайтпасов», «Иманғали», «Әт-тақуа» мешіттерінің жастары қатысуда.
Жарыстың қорытындысы бір айдан соң анықталатын болады.