Атырауда орталық мешіт жаназа рәсімдері бойынша қызмет көрсетуде

Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанынан Салттық қызмет көрсету орталығы жұмысын бастады.

Орталықта жаназа және жерлеу рәсімдері, пәктеу, кебіндеу, бейіт қазу сынды қызметтер көрсетіледі.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы, орталық «Иманғали» мешітінің ұстазы Наркес Боханов Атыраудағы «Мұқаш», «Томарлы», «Орбита» зираттарын аралап, ондағы реттіліктің сақталу жайын бақылады.

«Біздің мақсатымыз – жаназа және жерлеу рәсімдерінде шариғи талаптардың сақталуын қадағалау. Зират қазу, орнату мәселесінде де тәртіп, реттілік сақталуы тиіс» дейді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.