Жылыойда мешіт жамағаттары арасында футболдан жарыс өтті

Мешіт жамағаттары арасындағы ауызбірлікті, ынтымақты нығайту мақсатында өткен іс – шараға Атырау облысына қарасты мешіттер жамағаттары қатысты.

Барлығы 8 команда өзара бақ сынасқан турнирде бірінші орынды

«Атырау медресесі» командасы жеңіп алды. Екінші орынды «Береке Құлсары» командасы иеленді. Үшінші орынды «Бірлік Атырау» командасы алды.

Жылыой аудандық мешітінің ұйымдастыруымен өткен турнирде жеңімпаздар қаржылай сыйлықпен марапатталды. Бірінші орын иеленген команда 70 мың теңге қаржылай сияпатқа ие болды.

Екінші және үшінші орын иеленген командалар 50 мың теңге, 30 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлықтарды иеленді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.