Атырауда жамағат зират басын тазалады

Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан қауым басына «Мәулімберген» мешіті жамағаты тазалық жұмыстарын жүргізді.

Қауым басы тазартылып, шашылған құрылыс материалдары, артық қалдықтар алынып тасталды.

«Зират басын таза ұстау арқылы біз өлілерге құрмет көрсете аламыз.

Ислам дінінде зиратқа яғни, қабірдің аяқ асты болмауына ерекше көңіл бөлінген. Бұған көптеген хадистер дәлел. Бірде Амр ибн Хазм деген сахабаның қабір үстіне сүйеніп тұрғанын Расулуллаһ (с.ғ.с.) көріп «Оған сүйенбе. Бұл қабірдің иесіне зиян келтіресің» деген. Олай болса, қабірге сүйенудің өзі иесіне кесірін тигізетін болса, ондағы тазалыққа самарқаулықпен қарау тіпті сорақылық . Зират басына қоқыс қалдығын қалдыру марқұмдардың рухына деген құрметсіздік» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.