Атырау қаласы, Тасқала ауылындағы «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжановқа мұқтаж ана көрсетіліп отырған қамқорлық үшін алғыс білдірген.
Клара Сарбаева әлеуметтік жағынан осал шаңыраққа жатады. Оның сырқат қызы бар. «Мәулімберген» мешіті Тасқала тұрғыны Клара Сарбаеваның сырқат қызының еміне қаржылай көмек көрсетіп келеді.
«Қызым Нұрлы Бермағамбетоваға көрсеткен көмегіңіздің шипасы тиіп, аз да болса кемеліне келді. Сізге алғысым шексіз» делінген алғыс хатта.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.