Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен 2023 жылдың жұмыс жоспары қорытындыланды. Жиынға Атырау қаласының, аудандар имамдары және жұмыс бағыттары бойынша жауапты мамандар қатысты.
«Биылғы жылды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялады. Сондай-ақ, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен бес бағыт бойынша жұмыстар атқарылды. Осы бағытта имамдардың жұмыстарын тыңдап, сараладық. Ең бастысы, Алланың разылығын көздеп, қызмет ету. Дін адамы болғандықтан, көпке үлгі болуымыз керек»,- деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Жиында имамдар ҚМДБ бекіткен негізгі бес жұмыс бағыты – «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу – ағарту», «Жат діни ағымнан сақтандыру» бойынша атқарған жұмыстар туралы ақпараттарымен бөлісті.