Атырауда облыс мешіттерінде 3300 адамға ауызашар берілді

Атырауда қала және аудан мешіттерінде Рамазанның алғашқы екі күнінде 3300 адамға ауызашар берілді.

Бүгінгі таңда орталық «Иманғали» мешітінің өзінде бір күнде 500 адамға ауызашар берілуде. Осы мақсатта мешіттер жанынан киіз үйлер тігіліп, ауызашар беруге ниет етушілер тізімге алынуда.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, мешіттерде 30 күн бойына ауызашар дастарханы дайындалатын болады.

Еске сала кетелік, биыл ораза 30 күнге жалғасады.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.