Атырау облысы бойынша өткен жылы дін атын жамылған жат көзқарастан 73 адам бас тартты.
«Бұл бірлескен кешенді оңалту жұмыстарының нәтижесі. Бүгінде жат ағыммен күрес, соның ішінде, оңалту бағытындағы жұмыстар айрықша назарда. Атырау облысы дін істері басқармасымен бірлескен кешенді жоспарымыз бар. Оның аясында, түзету мекемелері, мақсатты аудиториялармен жұмыс жүргізіледі. Оңалту бағытындағы жұмыстар ұзақ уақытты қажет етеді. Қателігін түсініп, дәстүрлі Әбу Ханифа мәзһабына келіп жатқан бауырларымыздың көптігі қуантады» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.