Бүгін елімізде жарияланған Жалпыұлттық аза тұту күніне орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің барлық мешіттерінде Құран хатым дұғасы жасалды.
Сауапты шараға еліміздің барлық өңірлеріндегі құлшылық ордалары да үн қосып, бүгін бір мезетте қайғылы оқиғада қаза тапқандардың рухына Құран бағышталды.
Атырау облыстық «Иманғали» мешітінде имамдар тобы Құран хатым дұғасына қатысып, алапат өрт салдарынан қайтыс болған мұсылмандар рухына Құран бағыштады.
Мемлекетіміздің Көкбайрағы төмен түсіріліп, күллі Қазақстан халқы қайғыға шомған азалы күнде марқұмдардардың артында қалған туыстары мен жақындарына көркем сабыр сұрап, Жаратушы Алладан жақсылық тіледі.
Қазіргі таңда ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қоры апат болған орында қайырымдылық іс-шараларды жүзеге асыруда.