Атырауда орталық мешітте қайырымдылық акциясы өтті

Атырауда орталық «Иманғали» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Ізгілік шарасы әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларды қамтыды.

Облыстық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық орталығы ұйымдастырған шара осылайша ай сайын жалғасын тауып келеді.

Еске сала кетсек, қайырымдылық – мүфтияттың ел мешіттері бойынша бекіткен басты бағыттарының бірі.