Атырау орталық «Иманғали» мешіті ақпан айын игілікті шарамен қорытындылады.
Орталық мешіт жанындағы Қайырымдылық мекемесінің ұйымдастыруымен, түрлі санаттағы 25 отбасына құрбан малының еті табысталды.
Көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен шаңырақтар, «Жусан» операциясымен оралғандар, терроризм бабымен сотталғандардың отбасылары қамтылған шарада орталық мешіттің наиб имамы Арман Исаев насихат сөздерін айтты.
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Алла Тағала бауырының қажетін ашқандарға көмектесуде», «Алла Қиямет күні діндардың дүниелік қайғысын жеңілдеткен адамның қайғысын жеңілдетеді»,
«Басқаларға жақсылық жасау жаман өлімнен сақтайды»-деген.
Демек, мұқтаждарға көмектесудің өзі адамның ақыретіне пайдалы. Осындай қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға атсалысып жүрген бауырларымызға Алла разы болсын» деді ұстаз Арман Исаев.