Атырауда орталық мешіт Наурызды ауқымды деңгейде атап өтті (+ ВИДЕО)

«Иманғали» орталық мешіті наурыз мейрамын салтанатты жағдайда атап өтті.

Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешіті жанынан киіз үй тігіліп, өңір тұрғындарына наурыз дәмі ұсынылды.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жамағатты наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

«Наурыз – қазақтың төл мерекесі. Мерекеде халық бір-бірін құттықтап, дәмді тағамдарын ұсынып, наурыз көже дайындап мәре-сәре болып жатады. Наурыз Орта Азия халықтарының көпшілігі атап өтетін тіршіліктің жаңару мейрамы. Бұл күні бір-бірімзге қуаныш сыйлау халқымызға тән қасиет деп»,-деп атап өтті Бас имам.

Мереке құрметіне тұсау кесер ұйымдастырылып, шараға қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Алыс-жақыннан келген қонақтар да игі тілектерін жеткізді.