Атырауда орталық мешіт ұстаздары жазасын өтеушілерге дәріс оқуда

Атырауда мешіт имамдары, дін қызметкерлері тарапынан оңалту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Атырау облысының орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев экстремизм бабымен сотталған жазасын өтеушілермен кезекті дәріс өткізді.

Дәріс барысында ұстаз Мұрат Мұстафаев Әбу Ханифа мәзһабы, кемел мұсылмандық тақырыптарында уағыз-насихат айтты.

Сондай ақ, жазасын өтеушілер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі