Атырауда орталық мешітте 60 отбасына азық-түлік таратылды

Атырауда «Мәуліт айының» құрметіне қайырымдылық шаралар легі жалғасуда. Бүгін «Иманғали» орталық мешітінде 60 отбасына азық-түлік таратылды.

Акция аясында әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі жандар және қақтығыс аймағынан оралған отбасылар қамтылды.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мұқтаж жандарға қашанда мешіт тарапынан көмек көрсетіліп келе жатқандығын атап өтті.

» Біз жаны жүдеген жандарға қашанда қолдау көрсетеміз, қасиетті Мәуліт айы қарсаңында мешітке келген қадамдарыңызды және бүгінгі қайырымды шараға атсалысқан жомарт жандарға Алла разы болсын» деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.