Атырауда орталық мешітте кезекті қайырымдылық шарасы өтті

Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.

Әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж 40 отбасын қамтыған ізгілік шарасы аясында киім-кешек және ет таратылды.

Қайырымдылық мекемесі бірнеше жылдан бері Атырау облыстық «Иманғали» мешіті жанынан мұқтаж отбасылар игілігі үшін жұмыс істеп келеді.