Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық орталығының ұйымдастыруымен кезекті ізгілік шарасы өтті.
Қайырымдылық шарасы 50-ге жуық отбасын қамтыды. Әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға киім-кешек таратылды.
«Қазан – қамқорлық айы. Оның үстіне, қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басты бағыттарының бірі. Қайырымдылық орталығында мұндай шаралар айына екі-үш мәрте ұйымдастырылып отырады» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.