Атырауда орталық мешітте қайырымдылық шарасы өтті

Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық орталығында ізгілік шарасы өтті.

Әлеуметтік жағдайы төмен 25 отбасына құрбан малының еті таратылды.

Қайырымдылық шарасы негізінен көп балалы, жағдайы төмен отбасыларына қамтыды.

Еске сала кетсек, Атырауда орталық мешіт жанындағы Қайырымдылық орталығы бірнеше жылдан бері қызмет атқарып келеді. Орталықтың бастамасымен мұқтаж жандарға киім-кешек, азық-түлік түрінде көмек көрсетіліп келеді.